ru | kz

«Жүйе» дегеніміз не?

Жүйе (Система) – бұл бірнеше экспресстен тұратын, кейбір оқиғалар ұтылса да, ұту мүмкіндігін сақтайтын ұтыс тігу түрі.

Жүйенің басты сипаттамасы – оның өлшемділігі.

Ол екі санмен белгіленеді, мысалы: «3-тен 4». Бұл жүйе 4 оқиғадан тұратынын және олардың әрқайсысы 3 оқиғадан құралған экспресске бөлінетінін білдіреді. Яғни, 4 комбинация пайда болады, ал жүйенің толық ұтылмауы үшін кемінде 3 оқиға ұтуы керек.

Ұтыс тігу сомасы жүйеге кіретін барлық комбинацияларға тең мөлшерде бөлінеді.

Жүйені есептеу кезінде:

  • Алдымен, әрбір экспресс-ұтыс тігудің ұтыс сомасы есептеледі.
  • Содан соң, барлық ұтысты экспресстердің сомалары өзара қосылып, жалпы ұтыс сомасы анықталады.

Жүйедегі өлшемділік

Өлшемділік – бұл ұтыс алу үшін қажетті нәтижелер санының жалпы комбинациядағы оқиғалар санына қатынасы. Ол «2-ден 3», «3-тен 5», «7-ден 10» түрінде белгіленеді. Мысалы:

  • Егер өлшемділік «2-ден 3» болса, жүйе үш оқиғадан тұрады, ал ұту үшін кемінде екеуін дұрыс болжау қажет.
  • Ұтыс тігу сомасы барлық экспресстер арасында біркелкі бөлінеді.
  • Өлшемділігі жоғары жүйелер үшін минималды ұтыс тігу сомасы аз комбинациялармен салыстырғанда үлкен болуы тиіс.

Алайда, бұл өлшемділіктің шектеулері бар:

  • Жүйеде 12 оқиғадан артық болмауы керек.
  • Бір ғана оқиға өткенде ұтатын жүйені жинау мүмкін емес.
  • Барлық оқиғалар өткен жағдайда ғана пайда әкелетін жүйелер жоқ.

Комбинация коэффициенті ұтуы қажет оқиғалар санына байланысты. Ұтысты оқиғалар саны неғұрлым көп болса, коэффициент соғұрлым жоғары болады.

Спорттық оқиғаларға қойылған жүйе-ұтыс тігудің ұтысын қалай есептейміз?

Бұл ұтыс тігу түрі жеткілікті күрделі болып саналады және әдетте жүйе дегеніміз не екенін жүйелер мен ординарларды түсінген ойыншылар жиі сұрайды. Мұның себебі – мұндай ұтыс тігулердің есептеулері күрделі болып көрінетінінде және нюанстарды түсіну қажеттілігінде. Шын мәнінде, бәрі әлдеқайда қарапайым, және жүйені есептеудің ерекшеліктерін тезірек түсіну үшін оны мысал арқылы қарастырған дұрыс.

Мысал:

  • Купонда 5 оқиға бар.
  • Бұл жағдауда жүйе-ұтыс тігудің өлшемділігі «2-ден 5», «3-тен 5» немесе «4-тен 5» болуы мүмкін.

Егер Сіз оның ішінен «3-тен 5» жүйесін таңдап, 1000 доллар тіксеңіз:

  • Әрқайсысы 3 матчтан тұратын 10 экспресс жасалады.
  • Әр экспресске 100 доллар бөлінеді, себебі ұтыс тігу сомасы алынған экспресстер санына тең бөлінеді.

Жүйеден түсетін пайда дұрыс болжанған мини-экспресстер санына байланысты. Жалпы ұтыс сомасы белгіленген ұтыс тігу сомасы мен коэффициенттерді ескере отырып есептеледі:

  • Егер екі оқиға өтпесе, 10 экспресстің тек біреуі ғана ұтысты болады.
  • Дәл осылай кез-келген жүйе бойынша ұтыс есептеледі: ұтылған оқиғалары бар экспресстер жойылады.
  • Егер 5 матчтың ішіде 3-тен көп (3,4,5) матчтың нәтижесі болжамға сәйкес келмесе, жүйе толығымен ұтылады.

Егер осының бәрін өзіңізге есептеу қиын болса, сайттағы калькуляторды пайдаланыңыз. Жүйе өлшемін және ұтыс тігу сомасын көрсетіп, мүмкін болатын ұтысты көріңіз.

Бұл сізді де қызықтыруы мүмкін