ru | kz

Ойын шотын қалай бұғаттауға болады?

1

Бұғаттау мерзімін анықтаңыз

  • 6 айдан 10 жылға дейін:
    • Бұл мерзімге бұғаттауға өтінішті тек «eGov» сайтында немесе мобильді қосымшасында беруге болады.
    • Өтінімді құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын шектегісі келетін адам ЭЦҚ пайдалана отырып беруі тиіс.
    • Үшінші тұлғалардың өтінім беруіне жол берілмейді.
  • 30 күнге дейін:
    • Өтінішті сізге ыңғайлы кез келген платформа арқылы, қолдау қызметі мамандарына хабарласып бере аласыз.

2

Ойын шотыңызды тексеріңіз

  • Өтінішті бермес бұрын мыналарға көз жеткізіңіз:
    • Шотыңызда есептелмеген тігістер жоқ болуы тиіс.
    • Барлық қолжетімді қаражат шығарылған болуы тиіс, себебі шот бұғатталғаннан кейін олар қолжетімсіз болады.

3

Ескерту! Шот бұғатталғаннан кейін, таңдалған мерзім аяқталғанша, оны қайта ашу мүмкін болмайды.

Өтінішті қалай беру керек?

«eGov» арқылы бұғаттау үшін:

  • «eGov mobile» мобильдік қосымшасында «Қызметтер» қойындысына, содан кейін «Спорт» бөліміне өтіңіз.
  • Қызметтер тізімінен «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі сервисті» таңдау қажет.
  • Ашылған бетте шектеу мерзімін айлармен көрсетіп, «Қызметке тапсырыс беру» түймесін басыңыз.
  • Әрі қарай, сіз жылдам қол жеткізу кодын немесе биометрияны пайдаланып қызметке қол қоюыңыз керек.
  • Қызметке қол қойылғаннан кейін, өтінім мәртебесімен таныса аласыз. 

Қолдау қызметі арқылы бұғаттау үшін (30 күнге дейін):

  • Қолдау қызметі бөліміне кіріңіз.
  • Қолайлы байланыс тәсілін таңдаңыз (онлайн-чат, электрондық пошта немесе Telegram-чат).
  • Хабарламада келесі деректерді жазыңыз:
    • Ойын шотының нөмірі.
    • Шот иесінің толық аты-жөні (Т.А.Ә.).
    • Бұғаттау себебі мен мерзімі (мысалы, уақытша бұғаттау, жеке жағдайлар және т.б.).
  • Хабарлама жіберіп, одан әрі берілетін нұсқауларды орындаңыз.

Сіздің ойын шотыңызды бұғаттау туралы шешім қабылдағаныңызға өкінеміз. Біз сіздің сеніміңізді жоғары бағалаймыз және болашақта сіз біздің платформаны қайта таңдағаныңызды күтеміз. Егер сізде сұрақтар туындаса немесе көмек қажет болса, біздің қолдау қызметіміз әрдайым көмектесуге дайын.